Отандық сарапшылар бюджетті жоспарлау механизмін түбегейлі өзгерту керек деп есептейді. Себебі бюджет шығыны жыл сайын тоқтаусыз көбейіп келеді.
Ал мемлекет кірісі артпаған. Бұл дағдарысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан шығындарды қатаң бақылауға алып, контрциклді жүйеге толық ауысу керек деп есептейді мамандар.
Биыл қаңтардан сәуірге дейін мемлекет 7,8 трлн теңге жұмсаған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 27 пайызға көп. 2022 жылы осы уақытта шығын 6,1 триллионды көрсетіп, бір жыл бұрынғыдан 18 пайыз артық болған. Осындай тенденция біраздан бері байқалады. Мамандар бұған бюджеттің дұрыс жоспарланбауы себеп екенін айтып отыр.