Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты Т.Қырықбаев жеке кәсіпкер Ж.Султанмурадованың бастаған кәсібімен арнайы барып, танысты. Танысу барысында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты Т.Қырықбаев ерекше кәсіп түрін қолға алған жеке кәсіпкердің жұмыс барысын көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жеке кәсіпкер Ж.Султанмурадова ағымдағы жылы мемлекеттік грант алып, эпоксидті шайыр бұйымдарын жасауда. Атап айтсақ, сағат, ыдыстар және тағы басқа үйге, кеңсеге арналған заттар.
Аталған кәсіп түрі ауданымызда жаңадан ашылғандықтан үлкен сұранысқа ие.