Ғажайып Үндістан көрме-жәрмеңкесі ашылды

427
Үндістан көрме-жәрмеңкесі ашылды

Көктемнің алғашқы шуақты күні Шымкент қаласындағы Әл Фараби сауда кешенінде «Ғажайып Үндістан» көрме-жәрмеңкесі ашылды. Тоқыманың сан алуан түрі, әшекейлер қолдан жасалған бұйымдар сіздердің көңіл күйлеріңізді наурыздың 11 не дейін қуантады. Үнді қонақтарымыз бұл біздің оңтүстікқазақстандық әйелдерге мерекелік тартуымыз дейді.

Түрлі түсті тастармен көмкерілген бұйымдар көздің жауын алады. Үнді шеберлерінің қолдан жасалған зергерлік заттарына қызығушылық танытқандар таңдауларын жасауда. Мұндағы сөрелердегі кемпірқосақ түстес бояулар өзіне келушілерді тартады. Ал таза жоғары сапалы мақта тоқымалары шіліңгір шілдеде адам денесіне сұлулық пен жайлық сыйлайды.

Мавлюда ТАШМЕТОВА, қала тұрғыны: «Үнді маматсы ұнайды.Былтыр осындай көрме-жәрмеңкеде бірнеше бұйым алған едім. Бұл жолы да  керемет үнді заттарын сатып алуға келдім».

Үндістандағы Ассам штатында өсетін Үнді шәйі әлемге танымал. Өнімнің тіл үйірер дәмін қазақстандық мен ресейліктерден бөлек 18 мемлекеттің халқы татып, жғары бағасын берген. Ағаштан, сүйектен, матадан жасалған жәдігерлер «Ғажайып Үндістан» көрме-жәрмеңкеге келуішлерге көтеріңкі көңіл сыйлауда.

Навин Саксена, Үндістанның өкілі: «Былтыр да Шымкент қаласында көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырған едік. Бізді жылы қарсы алғандарыңызға үлкен рахмет. Көктем айында халықаралық әйелдер күніне арнайы келдік. Бұл біздің әйелдерге деген тартуымыз. Көрменің мақсаты іс шара арқылы қазақстандықтарды үнді елінің салт дәстүрімен мәдениетімен және тұрмысымен таныстыру. Екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту».

Көрме-жәрмеңкеге келгендер осында табысталған талон бойынша іс шараның соңғы күні наурыздың 11-не ұтыс ойынға қатыса алады. Бас жүлде Үндістанға саяхат. Асығыңыздар мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар. Көрме Темірлан тас жолы 19 әл Фараби сауда кешенінде өтуде.