Шымкент қаласының Әдістемелік орталығы педагогтерге тек әдістемелік қолдау білдіріп қана қоймай, сонымен қатар шәкірттерін білім жолына салып, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстатып жүрген ұстаздар туралы арнайы рубрика ашып отыр.
Шымкент қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, магистр, педагог-шебер Гүлмира Шералхан үлгілі ұстаз. Білікті ұстаз дарынды оқушыны жаңылмай тауып, өлең бәйгесіне, өнер додасына жаратып қоса білуі керек. Осы тұста оған жай ғана білім беруші болып қалу аздық етеді. Ол мұндайда талантты тани білетін көрегендігін көрсетуі керек. Біздің Гүлмира ұстазымызда да осы жолда жүрген мұғалім.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деу арқылы ұстаздық пен шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің үйреткенді ынта қойып, біліп алатын, ұстаздың біліміне ие болатын дарынды оқушының жақсы қырынан танылып жүргені — мақтаныш.
Гульмира Шералхан дайындаған 10-сынып оқушысы Сансызбай Еркежан 23-25 маусым күндері Петропавл қаласында өткен «Мағжан оқулары» республикалық байқауының «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім!» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Сондай-ақ, 2022жылы республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауында «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша қатысып бас жүлдені иеленген болатын. Осылайша жыл сайын Шымкент қаласы атынан айтулы додаларда өзінің дайындығын жоғары дәрежеде көрсеткен шәкірті мәнерлеп оқу шеберлігімен көпшілікті тәнті етіп келеді.
Шәкірттері түрлі байқауларда биіктерді бағындыруда. 2020ж. 10-сынып оқушысы Оралбек Жанель «М.Əуезовтың əңгімелерінің қөркемдік ерекшелігі» жүлделі ІІ орынды,
2022ж. 10-сынып оқушысы Рахмаш Нұрбақ «Әлемдік жойылу қаупі аймағына енген түркі тілдеріне экскурс» жүлделі ІІ орынды, 2022ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада 10-сынып оқушысы Сансызбай Еркежан жүлделі ІІІ орынды; 11-сынып оқушысы Сейітхан Аяулым ІІ орынды, 2023ж. республикалық V «Абайтану» олимпиадасының 11-сынып оқушысы Сейітхан Аяулым грамотамен марапатталды.
Тек шәкірт тәрбиелеп қоймай, ұстаздың өзі де қала, республика көлемінде бірнеше байқауларға қатысып, авторлық бағдарламалардың әзірлеп, конференцияларда құнды баяндамалар жасағаны үшін «Алғыс хат», «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Толағай табыстарымен ұжымда елеулі педагог Гульмира Шералхан – шеберлігін шыңдау жолында іздемпаз әрі тынымсыз еңбек адамы. Өз уақытын шәкіртіне түгелдей арнап отырған осындай ұстаздарымыз көп болса, шәкірттеріміз бен ата-аналар сыйластық пен ризашылыққа бөлейді.