Шымкентте жалаңаш ер кісі көшенің қақ ортасында шомылған

820

Шымкентте орта жастағы ер адамның әрекеті жұрттың таңданысын тудырды. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды.

Аптап ыстықтан шаршаса керек, ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыш суына  жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ыстық күнде салқындаудың ерекше жолын тапқан ер адамның жеке басын анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.