Су арналарының жөнделуі тұрғындар үшін маңызды

14

Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу, Чумчак, Сай ниже водопада су арналары күрделі жөндеуден өтуде. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, қаланың экономикасын өркендетуге көп ұлес қосып отырған шаруа қожалықтары көп. Олар үшін ағын су мәселесі өте өзекті. Сондықтан да ағын су каналдарының жөндеу мәселесі шаруа қожалықтары үшін қуанышты жаңалық болып отыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған каналдарда болып, құрылыс барысын қадағалады.

Жоба бойынша 13, 5 шақырым «Көксу» арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған. Су арналарын жөндеуде халықтың тұрмысына қолайлы ету жағдайларының бәрі қарастырылған.

Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан «ЧУМЧАК» су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған.

Қазіргі уақытта жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде.

Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95 пайызыы аяқталды.
«Сай ниже водопада» су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген.

Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.
Мұрат Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.