Төлем картасымен Астанада жолақысын төлеуге болады

47

Енді үшінші мегаполисте алынған төлем карталарын басқа қалаларда да пайдалануға болады. Атап айтқанда жол жүруге арналған бағдарламаны бас қаланың автобустарында да еркін қолдануға мүмкіндік туды.

Мамандардың сөзінше қазір Алматы қаласындағы «Оңай» компаниясымен мәміле жүргізіліп жатыр. Келіссөз оң нәтиже берсе, басқа қалаларға барғанда жол картасын іздеп, сатып алудың қажеттілігі туындамайды.

Сержан Ақылбаев, «Digital road» IT кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы: «Төлем бағдарламасымен Астанадағы қоғамдық көліктерге де төлеуге болады. Шымкентте де төлеуге болады. Қазір «Оңаймен» жұмыс істеп жатымыз. «Оңаймен» Шымкентте де, Алматыы да төлеуге, «Төлеммен» Алматыда да төлеуге болатын етіп жасауға тырысып жатырмыз. Сонда адамдарға ыңғайлы болады. Бірнеше бағдарламада жүктеп әуре болмайды»

Одан бөлек, енді ОҚМПУ-дың білім алушылары «Төлемді» студенттік карта ретінде қолдана алады. Бұл жүйе қыркүйек айынан бастап іске қосылмақ.