Сауран ауданының жерін қосу есебінен Түркістан қаласының аумағы кеңейеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін», – деп жазылған Үкімет қаулысында.
Аталған құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң, 29 шілдеде күшіне енеді.