Алматыда «Prima Nota Fest» IV Республикалық академиялық конкурс-фестивальі өтті

55

Абай атындағы ҚазҰОБТ сахнасында симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен классикалық музыка саласындағы жаңа буын үні. Қала күніне орай Зарина Алтынбаеваның «Prima Nota Fest» IV Республикалық академиялық конкурс-фестивалі биыл Қазақстанның 12 қаласынан 39 финалист жинады. 3 күн бойы олар классикалық әлемдік және қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындауда бақ сынасты. Байқау Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының қабырғасында өтті.

Жас дарындар «Академиялық вокал», «Ішекті аспаптар», сондай-ақ «Фортепиано» номинациялары бойынша өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен арнайы жүлделердің жеңімпаздары мен иегерлері әр санат бойынша анықталды:

«Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша:

1 санат: 9-11 жас

III дәрежелі лауреат-Наурызбай Айлин (Қарағанды)

II дәрежелі лауреат-Муханова Арай (Алматы)

I дәрежелі лауреат-Самсалиева Інжу (Алматы)

 

2 санат: 12-14 жас

III дәрежелі лауреат-Қаныбек Айдын (Алматы)

II дәрежелі лауреат және қазақстандық композиторлардың шығармаларын үздік орындау- Мұхатай Айсұлу (Алматы)

I дәрежелі лауреат — Қайратқызы Томирис (Алматы)

 

«Фортепиано» номинациясы бойынша:

1 санат: 9-11 жас

III дәрежелі лауреат – Амангелді Азамат (Ақтау)

II дәрежелі лауреат-Каримов Алан (Алматы)

I дәрежелі лауреат және Dala Classic агенттігінің сыйлығы-Дүйсекеев Аман (Алматы)

Қазақстандық композиторлардың үздік орындауы — Мұрат Дария (Қарағанды)

 

2 санат: 12-14 жас

III дәрежелі лауреат-Қайыргелді Томирис (Алға, Ақтөбе облысы)

III дәрежелі лауреат-Ли Арина (Алматы)

 

 

«Академиялық вокал» номинациясы бойынша:

1 санат: 11-13 жас

III дәрежелі лауреат және қазақстандық композиторлардың шығармаларын үздік орындау – Байзулла Аяна (Ақтөбе)

II дәрежелі лауреат-Кокорева Мария (Көкшетау)

I дәрежелі лауреат — Юденич Анна (Алматы)

 

2 санат: 14-16 жас

III дәрежелі лауреат-Тілеулина Айнұр (Петропавл)

II дәрежелі лауреат – Амантай Әмірхан (Ақтөбе)

I дәрежелі лауреат- ШаутыбайАмина (Астана)

 

Балалар мерекесінің салтанатты қорытындысы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының басты сахнасында өткен Гала-концерт болды, онда жас виртуоздар мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті, дирижер Абзал Мұхитдин. Мұнда 2023 жылғы «Рrima Nota Fest» жеңімпаздарының есімдері салтанатты түрде жарияланды.

Кешті жобаның авторы және көркемдік жетекшісі Зарина Алтынбаева Джулио Каччинидің «Ave Maria» әнімен ашты. Сахнада басқада өнер саңлақтары бой көтерді. Соның ішінде теңдесі жоқ скрипкашы, Мәскеу консерваториясының профессоры және байқау қазылар алқасының мүшесі — Максим Федотов А. Вивальдидің «Гроза» шығармасын шебер орындады. Әрі қарай, балалар сахнада жарқырады. 2019 жылғы гран-при иегері Рамазан Көпбаев Элгардың «Salut d ‘Amour» әнін тамаша орындады, жыл лауреаты Атшыбай Сұлтан Тілендиевтің «Қарындас» әнімен барлығын бағындырды, сондай-ақ Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен Andante maestoso орындаған жас пианист Азаматұлы Айторенің өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жас скрипкашы Арсен Сәдуақасовтың орындауындағы «Боз айғыр» динамикалық пьесасы бүкіл аудиторияны жандандырды, содан кейін дүрбелең қошемет көрсетіліп, жас әртіс сахнадан ұзақ уақыт жіберілмеді. Ольга Макарина, қазылар алқасының мүшесі, the Metropolitan Opera әншісі, «Джанни Скикки» операсының «Лауретта» ариясын шебер орындады, ал Түркияның шебер пианисті және халық әртісі Гүлсин Онай Ноктюрн op.9, #2 Шопенді әсерлі ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Кеш соңында барлық қатысушылар алматылықтардың сүйікті М. Сағатовтың «Алматым менің» әнін шырқады.

Байқау лауреаттары ақшалай сыйлық алумен қатар, әр бала фестиваль серіктестерінен сыйлықтар алды, ал I сыйлықтың иегері – Жамбыл атындағы филармония сахнасында сәтті өтіп жатқан Dala fest халықаралық классикалық музыка фестивалінде солист ретінде өнер көрсетуге шақыру алды.

 

«Мен қатысушылардың ата-аналары мен педагогтарына балалардың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен ризамын; сондай-ақ серіктестер мен Алматы қаласының әкімдігіне жәрдемдескені және қолдағаны үшін алғыс білдіремін. Мәдени астананың басшылығы жобаны қолдайтыны қуантады және жыл сайын «Prima Nota Fest» нәтижелері жоғары және жарқын болатынына сенемін.»- дейді жоба жетекшісі Зарина Алтынбаева.

Айта кетейік, байқау Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп, мәдени-әлеуметтік сипатқа ие. Конкурсқа қатысу мүлдем тегін, ұйымдастыру комитеті қаладан тыс қатысушыларды қонақ үймде тұрумен қамтамасыз етеді. Фестиваль серіктестері, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ кондитерлік фабрикасы және «Samal Water» компаниясы; Конкурстың ақпараттық серіктесі, «Classic» радиосы.

2019 жылдан бастап «Prima Nota Fest» жас әртістерді жаңа биіктерге шабыттандырып, өз жолын жалғастыруда. Бұл байқау кәсіби музыка әлеміне есік ашып қана қоймай, тұтастай алғанда Қазақстанның классикалық индустриясының болашақ дамуы үшін берік тұғырнамаға айналуда.