Мониторинг жұмыстары жүргізілді

38

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында кәсіпкерлер арасында ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні аудан аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе екендігі белгілі.

Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді. Базар аумағында саудамен айналысатын кәсіпкерлер аталған заң талабы туралы хабардар екендіктерін жеткізді. Өз кезегінде азық түлік тауарларының шекті бағасынан асырмайтындықтарын айтып өтті. Алдағы уақытта арнайы құрылған жұмысшы топ осы бағыттағы насихат жұмыстарын жалғастыратын болады.