Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа бекет тұрғызып жатыр

39
Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің шекара қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа бекет тұрғызып жатыр деп хабарлады.

Айтуынша, шекара бекетін салу «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында жүріп жатыр. Жоспар бойынша барлығы 50 бекет құрылысы қарастырылған.
«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен тікелей шекарада солтүстік бағытта 20 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Оңтүстік шекарада үш модульдік бекет құрылысы жүріп жатыр», – деді Ахметқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұл ретте еліміздің оңтүстік-батысында соңғы бес жылда модульдік үлгідегі 15 шекара бекеті пайдалануға берілді, деп қосты ҰҚК өкілі.