Қымбат әшекейлерін сатуға шыққан: Мақтааралда із-түзсіз кеткен әйел жайлы тың деректер шықты

354

Өздеріңізге белгілі, 31 шілде күні үйінен шығып қайта оралмаған мақтааралдық әйелді іздеу туралы ақпарат таратылды.

Осы ретте жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында, оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.
Естеріңізге сала кетсек, жоғалған әйелдің белгілері: бойы 160 см, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстіне қызыл көйлек, аяғына ақ түсті жазғы аяқ киім киген. Өзімен бірге қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған.
Егер сізде жоғалған 1985 ж.т. Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз.
Бұл факті Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.