Úı ANONS Шымкентте 110 бала жол апатына түсіп, 8-і көз жұмды

Шымкентте 110 бала жол апатына түсіп, 8-і көз жұмды

Шымкентте жыл басынан бері 110 оқушы түрлі жол-көлік оқиғасына тап болған. Оның ішінде 8 бала қаза тапты.

Шымкентте 110 бала жол апатына тап болған

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,6 пайызға көп. Осылайша үшінші мегаполис жеткіншектердің жолдағы қауіпсіздігі бойынша қызыл аймаққа кірді. Оған қоса 4 бала суицид жасаған, тағы төртеуі өзіне қол жұмсамақ болған. Сондықтан қаланың бас педагогы тәрбие мәселесіне әлі де баса назар аудару қажет екенін айтып отыр.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «4 болса да — баланың өмірі. Бұл проблема бойынша бүгінде ОАМ тарапынан арнайы тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда осы балалардың өз-өзіне қол жұмсау, буллинг, кибербуллинг, сонымен қатар балаларлың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық топ құрып, тәрбие жұмысын да басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жатырмыз.»

Exit mobile version