Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды

473

Шымкентте анасы мен қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды. Жол апатына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқиға 3 тамыз күні А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында  болған. Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі екі адамды қағып, жол апатын жасады. Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бүгін, 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

«Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады» делінген полиция мәліметінде.