Шымкенттік әйел жалған полицейге алданып қалған

355

Шымкентте бұрынғы күйеуінен қарыз ақшасын қайтара алмай жүрген әйел жалған полицейге алданып қалды.

Жәбірленушінің айтуынша, өзін полиция жедел уәкілімін деп таныстырған танысы үш ай ішінде 1 млн теңгеге жуық ақшасын алдап алған. Алғашқы кездесуде-ақ ер адам әйелге бұрынғы куйеуі ақша қарыз екендігін біліп, көмегін ұсынған. Күдікті мәселені өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, шешетінін айтқан. Алайда жаңа достың бұл  “көмегі” тегін болмаған.

Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілген. Оның полицияда жұмыс істемейтіні анықталған.

Тәртіп сақшылары тергеу әрекеттері барысында жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіге келтірілген залалды толығымен өтеді.