Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың 70 пайызын бөлім басшылары істеген. Нақтырақ, бөлімдердің әрбір екінші басшысы пара алады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен өткен кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді.
Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Қылмыс еліміздің барлық өңірінде анықталған. Олар, тіпті, коррупцияға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жіті біле тұра, заң бұзушылықтарға барудан тайынбаған.
Ал төтенше жағдайлар министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ кеңес барысында жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейту ұсынылды.