«Туған күн кейінге қалды». Дүкеннен сатып алған гүлді қайтаруға бола ма?

402

Редакцияға хабарласып, заңгерлік кеңес сұраған оқырманның кезекті сауалы мен жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

Оқырман сауалы: 

— Сәлеметсіздер ме?! Кездесіп жүрген қызымның 18-ге толған туған күніне 101 дана раушан гүліне тапсырыс беріп, дүкеннен сатып алдым. Алайда оның отбасылық жағдайына байланысты туған күн кеші кейінге қалдырылды. Сатып алған гүлімді дүкенге өткізіп, ақшасын қайтарып алуыма бола ма?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының жауабы: 

— Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 30-бабы 4-тармағына  сәйкес, гүл шоғын дүкенге қайтара алмайсыз. Себебі заңда көрсетілгендей, кесілген гүлдер, құмыра өсімдіктері, гүл шоқтары  тез бұзылатын тауарлар болғандықтан кері қайтарылмайды және айырбастауға жатпайды.