Жаңбыр салдарынан су басқан аймақтар арнайы техникалармен тазартылды

30

Тамыз айының соңғы күндерінед ауа-райының жауын-шашынды болуына байланысты Шымкент қаласында су басу қаупі бар аймақтарға мердігер мекемелердің техникалары шұғыл түрде жұмылдырылып, жиналған суды тарту жұмыстары әрбір аудан аумағында жылдам жүргізілуде.

 Атап айтқанда, Абай ауданы бойынша “KazStroiCapital LTD” ЖШС-інің 7 арнайы техникасы, 6 мотопомпа құрылғысы, 25 жұмысшы жауынның салдарынан болған су қалдықтарын тарту жұмыстарын атқаруда.
 Әл-Фараби ауданы бойынша “Таза Өлке” ЖШС-інің 15 арнайы техникасы және 2 мотопомпа, 25 жұмысшысы жұмылдырылды.
 Еңбекші ауданы бойынша “Группа Интеко” ЖШС-інің тарапынан 5-камаз, 3-мотопомпа, 1-насос, 2- ассенизатор, 22 жұмысшы қазір жаңбыр суларын тазартуда.
 Қаратау ауданы бойынша “Жасыл Жер Шымкент” ЖШС-інің 11 арнайы техникасы мен 3 мотопомпа құрылғысы және 20 жұмысшы су басқан жерлерді қалпына келтіруде.
 Тұран ауданы бойынша “Шымкент Спец Комплекс” ЖШС-інің 14 арнайы техникасы, 2 мотопомпа құрылғысы және 20 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су басу қаупі бар орындар бақылауда.