Бүгін Шымкентте қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өткізілгелі отыр. Онда халық қалаулылары қаланың жаңа әкімінің кандидатурасын келісетін болады.
Бұл туралы хабарландыру Шымкент қаласы мәслихатының сайтында жарияланды. Кездесу бүгін яғни, 5 қыркүйек күні сағат 15:00-де өтеді.
Күн тәртібінде Шымкент қаласының әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралмақ. Еске салайық, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болғанына 3 жылға жуықтады. Оңтүстік мегаполистің жаңа әкімі кім болатыны туралы алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.