Кәсіпкерлерге кеңес берді

23

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің шалғай елді-мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау өткізу іс-шарасы болып өтті. Алдымен Сарапхана ауыл округі «Мәңгілік ел» аллеясында жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізіліп, одан соң Қызылқия ауыл округінің мәдениет үйінде ауыл азаматтарының белсенділігімен жалғасты.

Атаулы іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің Ақтөбе облысы бойынша кураторы Жылқыбаев Сағындық Олжабайұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы және консультанттары мен партия қызметкерлері қатысты. Одан бөлек тиісті облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктің тиісті бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Мобильді қоғамдық қабылдау барысында жергілікті тұрғындар көкейлеріндегі кез-келген сұрақтар бойынша тиісті мамандардан жауабын алып, өтініштерінің шешілу жолын бірге қарастырды. Атап айтар болсақ, ауылды жерлерде жұмыс орынын құру, мал жайылымына жер бөлу, ауыл аманаты бағдараламасының несиесіне қолжетімділікті арттыру, дипломмен ауылға бағдарламасы мәселесі, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, азық-түлік бағасының қымбаттауы, кәсіпкерлік нысандарын көбейту, жер аманаты бағдарламасы туралы, субсидия мәселесі, табиғи газ, ауыз су, әлеуметтік көрсетілетін көмектер, білім беру бойынша және басқа да бірқатар мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Бүгінде Қазығұрт ауданында кәсіпкерлер қатары артып келеді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүр. Осы тарапта кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы толығырақ білгісі келетіндіктерін айтып, сауал жолдады. Тиісті мамандар аталмыш сауалға орай мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды жауап берді.
Арнайы қоғамдық қабылдау үшін келген «AMANAT» партиясының өкілдері мен басқарма басшылары ел аузындағы барша мәселелер бойынша жауап беріп, заң аясында шешілу жолдарын қарастырып, көптеген өтініштерді жол карталарына жазып алып, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.