Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 86 миллиард теңгені игермеген. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде едәуір ірі сомалар игерілмеген. Оның негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс.
Ең көп қаржы Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында игерілмеген.