Úı ANONS «Несиемді төлей алмай жүрмін. Банк мені қамата ала ма?» Заңгер кеңесі

«Несиемді төлей алмай жүрмін. Банк мені қамата ала ма?» Заңгер кеңесі

«Несиемді төлей алмай жүргеніме 1 жылдан асты. Банк мені сотқа беріп, қамата ала ма?» Бұл кезекті оқырманның редакцияға жолдаған сауалы.

Несиемді төлей алмай жүрмін. Банк мені қамата ма? Заңгер кеңесі

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, егер сіз алған несиеңізді 1 жыл бойы төлемеген болсаңыз, банк оны соттың шешімі арқылы өндіруге құқылы. Ал сіз өз тарапыңыздан сот актілерін орындап, несиені төлеуіңіз керек. Орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабына сәйкес жауапқа тартылуыңыз мүмкін.
Яғни, заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам уақыт бойы орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау – 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады. Немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Exit mobile version