Оқушылар информатикадан EJOI-2023 олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

30
фото azattyq-ruhy.kz

 Қазақстандық оқушылар информатикадан EJOI-2023 еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

8-14 қыркүйек аралығында Қазақстан құрамасы Грузияда өткен информатикадан EJOI-2023 еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 оқушы өзара сынға түсті.

«EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға, Еуропа кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы», — дейді министрліктегілер.

«Алтын» медаль иегері – Мансұр Мамадахунов, Қызылордадағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Күміс – Серікбай Сұңғат, Тараздағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Күміс – Әлем Аменов, Семейдегі «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Қола – Әлішер Алдамжаров, Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері: Темірлан Қайратұлы Сатылханов – Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.