«Виртуалды мұғалім» жобасы қолға алынбақ

126

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бас қосуда  ақпараттық технологиялар саласын дамыту жоспары  қаралды.

Бүгінде 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау міндеті тұр. Ол үшін бес жылдың ішінде 20 инновациялық бағдарламалау мектебін ашу, 50 өңірлік ЖОО-ны IT-компаниялар мен бейінді IT-ЖОО қамқорлығына беру, бағдарламалау мектептеріне 20 мың грант бөлу жоспарланып отыр.

2023 жылдан бастап Қазақстанның барлық орта мектептерінде «Информатика» пәнін ҰБТ-ға енгізе отырып, осы пән бойынша «Виртуалды мұғалім» жобасы да қолға алынады. Қазіргі кезде ШҚО-ның 150 мектебінде апробация басталды.

Шынар Оразова