Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржолмен жүк тасымалдау көлемі өсті

58
Фото Қазақстан теміржолшысы
Елордада  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының екіжақты кездесуі өтті.
Ағымдағы  жылдың 8 айында елдер арасында теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі  былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% өсіп, 20,6 млн тоннаны құрағаны аталып өтті.

«Астық экспорты 38%, ұн 77%, көмір экспорты 2 есеге артты. Химиялық және минералды тыңайтқыштар импорты 67%, жемістер мен кептірілген жидектер 10%, автомобильдер 6% және т.б. артып отыр», — деп жазылған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кездесуде жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізудің жаңа тізбегін қалыптастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Жақын арада
Өзбекстан станцияларынан Илецк станциясына (ҚР) маршрут бойынша кестедегі белгіленген мерзімдерге сәйкес пилоттық өтпелі рефрижераторлық пойызды іске қосуды ұйымдастыру жоспарлануда, содан кейін рефрижераторлық вагондар жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстаннан Өзбекстанға әкету үшін пайдаланылады.
Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.