Қоғамдық орында былапыт сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды

54
фото Қазалы

Созақ аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қ. қоғамдық орында жәбірленуші Д.-ға былапыт сөйлеп, оған зәбірлеп тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.
Сот отырысы барысында Қ. хаттамада көрсетілген мән жайларды толығымен мойындап, жасаған іс әрекетіне өкінетіндігі туралы түсініктеме берді.
Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енбеді.