Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын айтып арызданды. Ол, өзіне тиесілі қоймадан белгісіз біреу құны 600 мың теңге тұратын киім-кешектерді қолды еткенін жеткізді.
Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған, 23 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, жас жігіт алдын ала қылмыстық жоспар құрып, түн ортасында қоймаға құлыпты бұзу арқылы кірген. Кейін іштегі киім толы екі чемодан мен үлкен сөмкені алып, ізін суытқан.
Тергеу барысында жинақталған құжаттар мен айғақтар сотқа жолданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын толық өтелді. Сот айыпталушыға қатысты 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.