Мегаполис аумағында халықаралық “Наёмник” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Әл-Фараби АПБ-ның тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлерді, құрылыс алаңдарын, базарлар мен фермерлік шаруа қожалықтарын және шетелдіктердің жүруі мүмкін басқа да орындарды күшейтілген режимде тексеріп жатыр.
Мұндағы басты мақсат – заңсыз көші-қон жайттарының алдын алу, оның жолын кесу, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыс санын азайту болып табылады.
Жедел-профилактикалық шараның 9 күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 69 шетел азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқаны үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік кодекстің 519-бабымен жауапқа тартылды. Айта кетейік, халықаралық “Наёмник” жедел профилактикалық іс-шарасы 11-30 қыркүйек аралығында жалғасын табады.