Шымкент қаласының екі тұрғынына қатысты 4000 ЕУРО сомасында жалған ақша қаражатын (номиналы 500 ЕУРО банкноталар) сату фактісі бойынша істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті аяқтады.
Бұған дейін, 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 ЕУРО жалған ақша купюраларын сатқан.
Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген азаматқа халықаралық іздестіру жарияланып, ағымдағы жылдың наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді.
Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытуға және қолма-қол ақшаны мұқият қайта санап алуға шақырады.