Жалған ақша жасаушылардың торына түсіп қалмас үшін…

28
фото ҚМА

ҚМА Криминалистикалық басқармасының мамандары айналымға шыққан жаңа дизайндағы банкноттарды қолдану кезінде абай болуға шақырды. Олардың айтуынша, мұқият болмасаңыз жалған ақша жасаушылардың торына түсуіңіз ғажап емес.

Ол үшін купюралардың ерекше белгілері мен қорғаныш элементтерін жетік білу керек.
Қазақстанда жаңа дизайндағы банкноттар пайда болды. Бірнеше жылдың ішінде барлық банкноттар жаңа серияларға ауыстырылады. 500 теңгеден 20 мыңға дейінгі банкнот айналымға шығарылады. Оның үстіне бұрынғы үлгідегі банкноттар ақша айналымынан біртіндеп жойылады.
Бұл сериядағы 5 000 теңгелік купюра жаңартылды. Жаңа жыл қарсаңында айналымға шығарылды. Ал биылғы жазда Ұлттық банк номиналы 10 мың болатын жаңартылған банкнотты айналымға шығармақ.