Жемқорлық туралы хабарлап, 14 млн. теңгеге дейін сыйақы алуға болады

30

Жемқорлық туралы хабарлап, 14 млн. теңгеге дейін сыйақы алуға болады. Бірақ арнайы ережесі бар. Сыбайластықпен күрес қызметі оның ережесін бекітті. Құжат 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Параның мөлшері 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспаса, яғни, 3,5 млн. теңге мөлшерінде болса хабарлаған адам 100 мыңнан – 345 мың теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін. Ал басқа жағдайларда сыйақы мөлшері пара сомасының 10 пайызын құрайды.

Бірақ, 4 мың айлық есепті көрсеткіш көлемінен аспайды. Демек, ең көп сыйақы мөлшері 13 млн. 800 мың теңге. Сыбайластық жөнінде 1424 телефонына хабарласып, ақпарат беруге болады.