Елде азық-түлікті несиеге алатындар көбейді. Жылдық инфляция 19,6% құрады. Осы уақыт аралығында азық-түлік тауарларының 24%-ке, азық-түлікке жатпайтыны 18,6%-ке, ақылы қызметтер 14%-ке өскен.
Жыл басынан бері тұтыну бағаларының индексіне шаққанда азық–түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% болды.
Қараша айында қияр мен қызанақ, жұмыртқа, пияз, күріш, жаңа піскен жеміс, сүт және кондитер өнімдері қымбаттады.
Тек сәбіз бен қант шамамен 2 пайызға арзандаған.