Жылдық инфляция 6 ай қатарынан төмендеген

21

Қазақстанда жылдық инфляция алты ай қатарынан төмендеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы: «Алты ай ішінде жылдық инфляция төмендеп келеді. Оның қазіргі деңгейі – 13,1%. Жылдық инфляциядағы азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын компоненттің үлесі азайып, ақылы қызметтер инфляциясының үлесі ұлғаюда», — деді Сүлейменов үкімет отырысында.Сондай-ақ жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы баяулай түсті. Тамақ өнімін өндірушілердің және ауыл шаруашылығындағы бағаның төмендеуіне байланысты, оның деңгейі 12,4%-ке дейін баяулады.

Шардарада жүзім жайқалып тұрЖеміс-жидек пен көкөніс маусымдық кезеңге байланысты арзандап жатыр, бірақ оның өсу қарқыны өткен жылдармен салыстырғанда төмен.Бұдан бөлек тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түскен. Тарифтер тамызда 6,1%-ке, жылдық көрсеткіште – 13,9%-ке өсті.Тамызда киім-кешек пен аяқ киім, тұрмыстық техника, автомобиль, газ бағасының айтарлықтай өсімі тіркелді».