Үйлестіру кеңесі өтті

21

Түркістан облысы жастарының 2023 жылдың III тоқсан қорытындысы бойынша «Үйлестіру кеңесі» өтті. Үйлестіру кеңесіне Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары қатысты.

Кеңесте «Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер» бөлімінің басшысы Мейірбек Дінмұхаммед аудан, қаланың жұмыстардың көрсеткіштеріне тоқталып, Дінислам Нартайұлы жастар ресурстық орталығының мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алған жастар бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, психологиялық көмек беру бойынша «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психолог маманы Нұрмахан Жанар, атқарылған іс-шаралар бойынша «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Құдайбек Айгерім, “БАҚ пен қоғаммен байланыс” бөлімінің басшысы Ақтөре Мейіржанұлы аудан, қалалардың әлеуметтік желідегі жұмыстарына тоқталып, қате жарияланға ақпараттар бойынша баяндама жасады.
Жиында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алған жастар, атқарылған іс-шаралар, талантты жастармен жұмыс, психологиялық көмек беру бойынша жұмыстардың көрсеткіштері туралы баяндама жасалды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, жастар туралы біршама статистикалық мәліметтер қамтылды. 2023 жылдың 9 ай қорытынды есебі бойынша Қазығұрт ауданында жастар саясатында атқарылған жұмыстарды баяндап облыс басшылығы тарарынан қанағаттанарлық деген баға берілді.
Жалпы кеңес қортындысында жастарға арналған он екі мемлекеттік бағдарламалар оның ішінде білім, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағыттары бойынша 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2.5 пайыздық  несие, «Алғашқы жұмыс орны», Қоғамдық жұмыстар, «Жастар практикасы», Әлеуметтік жұмыс орны, «Бастау-Бизнес», «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, Студенттік құрылыс отряды, «Дипломмен ауылға», «Болашақ», ОАОО Білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар, «Серпін-2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын барлық аудан, қаладағы ауыл округтерімен, шалғай елді мекен жасатрына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәліметтерін уақытылы жинақтау тапсырылды. Жиын барысында Қазығұрт ауданындағы жас кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек жайлы да баяндалды. Жеке кәсібін бастауға ниет еткен жастарға кеңес беріліп, мемлекет тарапынан берілетін гранттарға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілгендігі айтылды.
Сонымен қатар, психо-профилактикалық жұмыстарға сәйкес ыстық нүктелер бойынша ай сайынғы мәліметтерді жинақтап, рейтинг жасау ұсынылды. Аудан, қаладағы волонтерлық ұйымдардың жұмысын жандандыру, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында апта сайын түнгі рейдтік шаралар өткізу тапсырылды.
Кеңес соңында, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Есқұлов Пердебек Сержанұлы аудан, қалалық жастар орталығы басшыларына өткен іс-шараларының кемшіліктеріне тоқталып, алдағы жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.