Азамат Н. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2017 жылғы 14 тамыздағы №3-1/2120 сот бұйрығы негізінде өзінің кәмелет жасына толмаған 2005 жылы 6 қаңтарда туған баласы О-ны кәмелет жасына толған уақытқа дейін, өндіріп алушы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Таскескен ауылы тұрғыны азаматша М-ның пайдасына алимент төлеуден жалтарған. Бұл туралы Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлады.
Жеке сот орындаушы Н.Конусовтың 2023 жылы 6 қаңтардағы берешегін анықтау қаулысына сәйкес, борышкер азамат Н. алимент бойынша жалпы 3 201 658 теңге берешегі бар екендігі анықталған.
Жеке сот орындаушы К.Култановпен борышкер азамат Н-ға алимент бойынша берешегін төлеу қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарландырылған. Сонымен қатар, оған Сарыағаш аудан әкімдігінің 2022 жылы жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелу қажеттігі ескертілген, алайда жұмыспен қамту орталығына қасақана бармай, өзінің жеке жұмысын істеп жүре берген.
Сот бұйрығы шыққалы алимент берешегін мүлдем төлемей және міндетті қаражатты төлеуден жалтарып, 3 201 658 теңге берешегі бар екенін біле тұра, алимент төлеу міндеттерін қасақана орындамаған.
Нәтижесінде 17 қазан 2023 жылғы соттың үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-і 139-бабымен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сотталушыға тағайындалған жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, қылмыстық атқару инспекциясының пробация қызметіне хабарламай тұрақты тұратын жерін өзгертпеу, рұқсатсыз тұрғылықты жерінен кетпеу, белгілі бір орындарға бармау, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 (бір жүз) сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттерін орындау жүктелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.