Баға шарықтап барады: Үкіметтегілер алаңдаулы

37
Тұрғындардың сөзіне сенсек, жәрмеңкеден ет өнімдерінен басқа тауарларда азық-түліктің арзандауы байқалмаған

Үкіметте өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды. Шенеуніктердің айтуынша, қазір ішкі нарықта ұн өнімдерінің қымбаттау қаупі бар.

Бағаның өсуіне бірнеше фактор себеп болған: күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі. «Астық бағасының көтерілуі нәтижесінде 13 өңірде ұн бағасы өсті», — деп мәлімдеді сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Шымкентте ұнның бағасы қымбаттады

Ұн мына өңірлерде қымбаттаған: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары.Кеңес қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға Қазақстан ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстаннан маусымаралық және қыс мезгілінде көкөністерді жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.