Бала-бақша тәрбиеленушісін қағып кету жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылдың 20 қазанында оқиға орнына Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы мен қала прокуроры, сонымен қатар арнайы жедел тергеу тобы шықты.
Анықталғандай кешкі уақытта жекеменшік бала бақшасының тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «Hyundai Starex» маркалы көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген.
Сол мезетте бүлдіршін аталған көліктің алдынан жүгіріп өткенде, оны байқамаған жүргізуші, қағып кеткен.
Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші қамауға алынды. Ал автокөлік айыптұрақта. Оқиғаның толық мәнжайы анықталуда.