Павлодар мұнай-химия зауытында 160 мың тоннаға жуық дизель отыны өндіріледі

19
Сарыағашта жанармай бекетін тонағандар ұсталды

Павлодар мұнай-химия зауытындағы  гидротазарту қондырғысы қайта жаңартылғаннан кейін 160 мың тоннаға жуық дизель отынын өндіреді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде -38 градус суыққа шыдамды дизель отыны ерекше сұранысқа ие.

Қазмұнайгаздың баспасөз қызметі  таратқан хабарламасында «Қайта құру жобасының мердігері «EPCM Group» компаниясы болды. Онымен Павлодар мұнай-химия зауыты EPC -келісімшартқа қол қойды», – делінген.
Келісімшарт бойынша мердігер жобалау, жеткізу, құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстарын атқарып, жаңартылған қондырғыны пайдалануға беру керек.
Павлодар мұнай-химия зауыты үшін негізгі технологиялық жабдықты қытайлық «Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd» зауыты жеткізеді.
Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда дизель отыны мен бензин бағасының өсуіне негіз жоқ екенін айтқан болатын.