Пойыздар енді кешікпейді: Жаңа кесте дайындалуда

7
Пойыздар күн сайын қатынайтын болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздары үшін жаңа «пакеттік» кесте дайындап жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Астана-Шу-Астана учаскесінде Тальго вагондарын тіркеген 4 жолаушылар пойызы 20 минут аралықпен жүреді. Олар:№3/4 Астана – Алматы; №9/10 Астана – Алматы;№71/72 Астана – Шымкент; №85/86 Астана – Шымкент.

Жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі тәуліктің күндізгі уақытында 6 және одан да көп сағатқа созылатын жөндеу-жол жұмыстары кезінде пойыздардың кешігу мүмкіндігін азайтады. Сондай-ақ жолаушылар пойызындағы екі стандартты вагондар Тальго вагондарымен ауыстырылады.

№9/10 Астана – Алматы; №71/72 Астана – Шымкент. Бұл пойыздардың жүру уақыты әр бағытта 3 немесе одан да көп сағатқа қысқарады. Пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.