ҚР Салық Кодексінің 208 бабының 1 тармағында, салық есептіліктері мен өтініштері салық органдарына белгіленген тәртіппен және уақытында тапсырылатындығы айтылған. Құжатқа сәйкес, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер тіркелген жері бойынша салық органына салықтық режиміне және Қосылған құн салығы төлеушілері болып тіркелген жағдайда салықтық есептіліктерді табыстауға міндеттеледі.
Мысалы, Салық есептілігінің 200-нысаны – бұл Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация. Оны заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар тапсырады.
Салық есептілігін тапсыру мерзімі
СЕН 300,00, 200,00 1 тоқсан 15 мамырға дейін
2 тоқсан 15 тамызға дейін
3 тоқсан 15 қарашаға дейін
4 тоқсан 15 ақпанға дейін
СЕН 100,00, 220,00 есепті жыл біткен соң 31 наурызға дейін
СЕН 910,00 1 жартыжылдық біткен соң 15 тамызға дейін
2 жартыжылдық біткен соң 15 ақпанға дейін
Салықтық есептілік мерзімінде ұсынылмаған жағдайда, ҚР ӘҚБ тК-нің 272 бабында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық болып табылатынын мамандар ескертеді.
Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағылар салық төлеушілерді салық есептіліктерді мерзімінде төлеуге шақырады.