Шекарада 16 атыс қаруы тәркіленді

26

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

  • шекара кеңістігінде 2 895Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар ұсталды, ал ағымдағы жылдың басынан ол 19 795 санын құрайды.
  • Мемлекеттік шекара арқылы 989 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

86 – жалпы салмағы 50 кг есірткі заттары;

16 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (7 дана ату қаруы, 67 дана оқ-дәрілер);

402 – жалпы сомасы 10 млн теңгеден жоғары жанар-жағармай материалдары (47 423 литр);

363 – алдын ала құны 2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

98 – сомасы 1 млрд теңгеден жоғары валюта;

жалпы сомасы 1 млрд теңге 48 кг зергерлік бұйымдар (алтын) ұсталды.

  • Каспий акваториясында 59 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ тәркіленді:

Оның ішінде жалпы ұзындығы 150 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

2 дана жүзу құралдары;

1 434 дана (9 408 кг) бекре тұқымдас балықтар;

1 689 дана (5 219 кг) ұсақ тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы 3 млрд 279 млн теңгені құрайды.

 

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Қыркүйек айында Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пунктілері штаттық режимде жұмыс жасады.