ШЫМКЕНТТЕ 20 ҚАЗАННАН БАСТАП ЖЫЛУ БЕРІЛЕДІ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды. Ауа температурасының төмендеп, күннің салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан көптеген өтініш келіп түскен. Осыны ескерген қала әкімі жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды.
Қазіргі таңда қаламыздағы 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын.