29 мұнай өңдеу зауыты мен 3128 автожанармай құю станциясы мұнай өнімдерін сақтау, жеткізу және тиеп-жөнелту жөніндегі деректерді Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесіне беріп отырады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қоғамдық кеңестің отырысында сұйытылған мұнай газын электронды бөлуді енгізу, «Теңізшевройл» ЖШС бөлетін сұйытылған мұнай газының көлемін ұлғайту, көлік қызметтерінің өсуіне байланысты сұйытылған мұнай газына әділ баға белгілеуді енгізу, сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту бойынша өндірушілерді ынталандыру жөнінде ақпарат ұсынды. Қазіргі уақытта мұнай өнімдері базаларын пилоттық режимде қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.