Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан «трамадол» тапты

23

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, психотроптық препаратты заңсыз сақтау және тасымалдау күдігі бойынша ер адамды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер көшелердің бірінде тоқтатқан ер адамға тінту жүргізіп, одан әсеері күшті дәрі тапты. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан психотроптық препараттың 27 пластинасын тәркілеп алып, сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес тәркіленген «трамадолдың» жалпы салмағы 16 грамнан асты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «трамадолды» есірткі құралдарының тізіміне енгізді және тек рецепт бойынша берілетінін ескертті. Ал дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.