Түркістан облысының тұрғынынан 400 таблетка «Трамадол» тәркіленді

27
фото ТО ПД

Түркістан облысы Шардара ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «Трамадол» психотроптық затын заңсыз сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады. Полиция күдіктінің үйін тінту кезінде 400 таблетка «трамадол» психотроптық заттың тәркілеп, сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру
басталды. Барлық мән-жайларды анықтау барысында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полициясы трамадолдың психотроптық заттар қатарына енгізілгенінен бастап, 34 дерегін анықтап, 1800-ге жуық таблеткасын тәркілеген.