Елімізде зергерлік бұйымдарға сұраныс артқан. Жыл басынан бері 839 млн. теңгенің бұйымы өндіріліп, 110 млн. АҚШ долларына тең болатын бағалы бұйымдар импортталды.
Былтыр өндіріс көлемі 1,36 млрд теңгеге жеткен еді. Бағалы металлдан жасалған бұйымдардың бағасы күн санап өсуде. Неке сақинасы 32 пайызға қымбаттаса, сағаттар мен әшекейлер 30 пайызға көтерілген.