Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысының полицейлері бір топ жасөспірімнің жиналып тұрған бейнежазбасын анықтады. Алайда бейнежазбада нақты орын мен басқа да мәнжайлар көрсетілмеген. Аталған жайттың қай аумақта орын алғаны мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан полицейлері шұғыл шараларды қабылдады.

Десе де Түркістан қаласының полицейлері жасөспірімдерге ата-аналарының қатысуымен бірге әрбір құқық бұзушылық орын алған жағдайда заң аясында шара көрілетінін айтып, олармен профилактикалық сұқбат жүргізді. Айта кету керек, аталған жайт бойынша полицияға ешкім ешқандай хабарлама түсірмеген және арызданбаған.