Биылғы жылдың 9 айында 3 251тұрғын жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетер болсақ, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 3 269 азамат зейнетке шыққан болатын. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 88 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
Естеріңізге салар болсақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш зейнет жасытолғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы берілуі керек.Зейнетақы төлемдері, оның ішінде базалық зейнетақыжәне БЖЗҚ төлемдері мемлекеттік корпорацияға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Ал, осы төлемдердің бәріне бір ғана өтініш беру жеткілікті. Барлық тиісті құжаттар мен өтінішті тіркеген күн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн болып есептеледі.
Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жеке куәлік пен өтініш берушінің жұмыс өтілін растайтын құжаттар қажет.Кей жағдайда білім туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, «қандас» мәртебесін растайтын құжат және т.б. қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдермен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.
2023 жылдан бастап ер адамдар зейнеткерлікке 63 жаста, ал әйелдер 61 жастан бастап шыға алады.