Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орындарда тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын балағат сөздер айтқаны үшін Р. -ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).
Сотта «Instagram» әлеуметтік желісінде аялдамада белгісіз адам аялдама павильонының әйнегін әдейі сындырып, ал Р. телефонға түсіріп, сөйлеген сөзінде әдепсіз сөз айтқаны анықталды.
Сотта Р. өзінің кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініп, болған оқиғаны мас күйінде жасағанын түсіндірді.
Р. кінәсі оның сот отырысында және сотқа дейінгі іс жүргізу барысында берген түсіндірмелерімен, бейнежазбамен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденді.
Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаны не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот жасалған құқық бұзушылық үшін кінәлінің өкінуін жеңілдететін мән–жай және мас күйінде құқық бұзушылық жасауды ауырлататын мән-жай деп таныды.
Р. соттың қаулысымен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.