Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

32
фото gorod.dp.ua

Құқық бұзушы Қазығұрт ауданында қоғамдық орындарында спирттік ішімдік ішіп бір жыл ішінде екі рет жауапкершілікке тартыла отыра, осы құқық бұзушылығын үшінші рет қайталап, яғни қоғамдық орында орта дәрежелі алкогольдік ішімдік ішіп, адамның қадiр-қасиетiне және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйінде жүріп қайта жасаған.

Сот отырысында  құқық бұзушы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұраған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 (үш) тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, құқық бұзушыға 1 (бір) ай мерзім ішінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне профилактикалық әңгімелесу өткізу үшін екі рет келуі туралы ерекше талап белгіленді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.